СҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының болуы білім алушыларға, ПОҚ-қа және ЖОО қызметкерлеріне: жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы, соттылықтың болмауы туралы, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық ұйымдардан қажетті анықтамаларды, вакцинация паспортын және басқаларды алуға мүмкіндік береді.
СҚКО қызметкерлері тұрақты негізде білім алушылар мен қызметкерлерге өтінім беру, ЭЦҚ, анықтамалар алу кезінде практикалық және ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ оларды сайт арқылы мобильді азаматтар базасында тіркеуді жүргізеді https://egov.kz.