2017 жылғы тамызда «ҚарТУ» КЕ АҚ-та студенттердің «бір терезе» қағидаты бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және оқу-білім беру қызметтерін көрсету орталығы (СҚКО) құрылды.
СҚКО-ның негізгі мақсаты - студенттік қоғамдастықпен жан-жақты өзара іс-әрекетін барынша жақсарту, қызмет көрсету кезінде қайталанатын «университет-білім алушы» өзара іс-әрекеттесу жүйесіндегі бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.
СҚКО міндеттері – бұл сапа, қолжетімділік, ашықтық, көрсетілетін қызметтерді үнемі жетілдіру, келіп түскен өтінімдерді уақтылы өңдеу, білім алушыларға, ПОҚ пен қызметкерлерге ақпараттық-консультациялық көмек көрсету.
Электронды кезекті басқару жүйесі жұмыс істейді. Холлда күту орындары бар, «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің» https://egov.kz веб-порталында жұмыс істеуді оқыту бойынша бейнероликтер көрсетіліп, студенттердің күтуіне қолайлы жағдай жасалған.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттік және оқу-білім беру қызметтерін электрондық форматта ұсынудың бизнес-процестерін оңтайландыру үшін 17 қызмет түрі ұсынылады, оның ішінде 6 мемлекеттік, 11 оқу-білім беру қызметтері. Қызмет көрсетудің бұл түрі өтінімдерді қарау уақытын қысқартуға, білім алушылардың құжаттарды дайындауға қатысуын барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсетуге онлайн-өтінімдер https://www.kstu.kz / университет сайты арқылы «Жылдам сілтемелер – Студентке – СҚКО - Қызметтер тізімі» бөлімінде беріледі, ондай-ақ өтінімді мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) "ҚР электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы да жолдайды https://egov.kz.